Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кентауда кісі өлтіруші маньяк туралы ақпаратты полиция терістеді

kz.kursiv.media

Кентауда кісі өлтіруші маньяк туралы ақпаратты полиция терістеді

Түркістан облысы Кентау қаласында кісі өлтіруші маньяк туралы ақпарат мессенджер арқылы тарап, қала тұрғындарының үрейін ұшырған.

Полиция жұртты дүрліктірген хабарлама шындыққа жанаспайтынын айтып, сабырға шақырды.

«Кентауда полицияға Яссауи даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан адам денесі табылғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы бірден шықты. Полиция аталған аумақты, соның ішінде қоқыс жәшіктерін тексерді. Ақпарат расталған жоқ», – дейді өңірлік полиция өкілдері.

Полиция хабарлауынша, қазіргі уақытта хабарламаның шыққан көзі және оның таралу жолдары анықталып жатыр. Тексеру нәтижесінде заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады. ️ Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпараттарды таратпауға шақырады және көрінеу жалған ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Айта кететін жайт, Денсаулық сақтау министрлігі тышулы каннибал Николай Жұмағалиев жатқан мекемеде науқастарға қысым көрсетіледі деген ақпаратты жоққа шығарған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар