Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Geely электромобильдері 5 минутта зарядталады

kz.kursiv.media

Geely электромобильдері 5 минутта зарядталады

Қытайлық ірі автоконцерн Geely электромобильдерге арналған 1000 В жоғары кернеулі электр жүйесін әзірлеп жатыр.

Қытай көліктерінің ақпаратынша, Бұл технология көлікті 10%-дан 80%-ға дейін 5 минутта зарядтауға мүмкіндік бермек. Осылайша компания BYD-дің жылдам зарядтау технологиясымен бәсекелесуді көздейді.

Бұған дейін Geely көліктері зарядтау жылдамдығы бойынша BYD-ден асып үлгерген. Мәселен, 95 кВт·сағ батареясы бар Lynk & Co 10 10%-дан 97%-ға дейін небәрі 8 минут 42 секундта зарядталған.

Қазір Geely көптеген модельдеріне 800 В жүйесін енгізіп жатыр. Мысалы, Smart #1 электромобилінің зарядталу уақыты 10%-дан 80%-ға дейін 30 минуттан 12 минутқа қысқарды.

Компания 1000 В элетр жүйесін дамыту үшін қуаты 1500 кВт-қа дейін жететін Zeekr зарядтау станцияларының инфрақұрылымын да кеңейтіп жатыр. Қазір Geely көліктері мұндай станциялардың толық қуатын пайдалана алмайды.

Алғашқы 1000 В жүйесі премиум Zeekr модельдерінде қолданылуы мүмкін. Мұндай көліктерді 10%-дан 80%-ға дейін 5 минуттан аз уақытта зарядтау жоспарланып отыр. Кейін технология Geely-дің бұқаралық модельдеріне де енгізілуі ықтимал.

Сондай-ақ, Geely лазерлік сенсор ақауына байланысты 93 мыңға жуық көлігін кері қайтарады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар