Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мектептерде оқушылардың мінез-құлқы жаңа KPI арқылы бағаланады

kz.kursiv.media

Мектептерде оқушылардың мінез-құлқы жаңа KPI арқылы бағаланады

Оқушылардың тек оқу үлгерімі емес, мінез-құлық мәдениеті, айналасындағыларға құрметі және қарым-қатынас дағдылары да бағаланатын болады. Бұл талап жаңа оқу жылынан бастап мектептердегі тәрбие жұмысына енгізілмек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Астанада өтіп жатқан республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл өзгеріс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жаңа этикалық құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асады.

Қоғамдық ортадағы өзін ұстау, айналадағы адамдарды құрметтеу және дұрыс қарым-қатынас жасау дағдылары «Адал азамат» бағдарламасы аясында жүйелі түрде қалыптастырылмақ. Бұл жұмыс балабақшадан басталып, оқушы мектеп бітіргенге дейін жалғасады.

Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға осы бағытта арнайы сабақтар өткізіледі.

«Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға арнайы сабақтар өткізіледі. Жүріс-тұрыс мәдениеті, айналаға құрмет көрсету және қарым-қатынас дағдыларын дамыту – жаңа KPI бөлігіне айналады», – деді министр.

Сондай-ақ қазақстандық оқушыларға енді олимпиадалардағы жетістіктері үшін ғана емес, ғылыми жобалар байқауларындағы жеңістері үшін де ақшалай сыйлық беріледі. Дарынды балаларды қолдаудың қосымша шаралары жаңа оқу жылынан бастап енгізілуі мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар