Вице-президенттің рөлі
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда мемлекет басшысының орынбасары қызметі болған. 1990 жылы Қазақ КСР Президентінің орынбасары қызметін алғаш атқарған — Сергей Терещенко. Ал 1991-1996 жылдары елдің Конституциясында бекітілген вице-президент қызметін Ерік Асанбаев атқарды. Бұл саяси тұлғалар Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуына қандай үлес қосты? Ал араға жылдар салып Қазақстанның осы басқару үлгісіне қайта оралуына не себеп?
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін-ақ мемлекет басшысының орынбасары болған. 1990 жылы бұл қызметті Сергей Терещенко атқарды. Тарихшылардың айтуынша, ол негізінен президент аппаратының жұмысын үйлестіруге және президент кеңсесінің қызметіне жауап берген. Кейін оның орнына вице-президент қызметіне Ерік Асанбаев келді. Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін де ол осы қызметке қайта тағайындалды.
Вице-президент қызметінің өзіндік ерекшелігі болды. Президенттің тапсырмасымен стратегиялық мәселелермен және экономикалық саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тетіктермен айналыстым
Тарихшылардың айтуынша, Ерік Асанбаевтың өкілеттігі ауқымды болған. Мемлекет басшысы болмаған жағдайда, ол президенттің міндетін атқара алды. Сонымен қатар бірнеше маңызды стратегиялық бағытқа жетекшілік етті. Асанбаев ұлттық валютаны енгізу жұмыстарына жетекшілік етіп, осы бағыттағы жұмыс тобының төрағасы болды. Нарықтық институттарды қалыптастыруға, мемлекеттік идеологияны әзірлеуге және тұрғын үй құрылысының жаңа тетіктерін жасауға атсалысты.
ЕРКІН ӘБІЛ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: «Ерік Мағзұмұлы экономист болды. Парламентте де мол тәжірибе жинақтады. 1991-1992 жылдары Қазақстанның даму стратегиясын әзірлеген топқа жетекшілік етті. Қауіпсіздік кеңесінің құрамында болды. Яғни сол кезеңдегі негізгі саяси тұлғалардың бірі еді. 1992-1995 жылдары оның саяси салмағы айтарлықтай жоғары болды».
Ол кезде вице-президентті Жоғарғы Кеңес бекітетін. Қызметтің Қазақстандағы ғұмыры ұзақ болмағанымен, елдің саяси жүйесінде өзіндік орны болды.
ЖАНДОС СӘРСЕНБЕКОВ, САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАГИСТРІ: «Вице-президент президенттің орнын басатын тұлға болды. Егер президент өз міндетін атқара алмай қалса, мерзімінен бұрын отставкаға кетсе немесе басқа да жағдай орын алса, оның қызметін вице-президент атқаруы тиіс еді. Сондықтан бұл қызметке президентке саяси салмағы жағынан жақын тұлға тағайындалатын. Сонымен қатар оның кандидатурасы басқа саяси күштер үшін де қолайлы болуы маңызды еді»
Вице-президент қызметі әлемнің көптеген елінде бар. Алайда оның міндеті әр мемлекетте әртүрлі. Кей елдерде ол мемлекет басшысының орнын басып, маңызды шешімдер қабылдауға қатысады. Ал кейбір мемлекеттерде негізінен өкілдік қызмет атқарады. Мұның бәрі елдің саяси жүйесі мен заңда белгіленген өкілеттіктерге байланысты.
Ботакөз Әнуар
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 тамыз 2026