Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Жаға ұстайтындай қателерді көрдік": министр оқулықтарды жаңалау барысы туралы айтты

kz.kursiv.media

Жаға ұстайтындай қателерді көрдік: министр оқулықтарды жаңалау барысы туралы айтты

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқулықтарынан 700-ге тарта қате табылғанын мәлімдеді.

Ол барлық оқулықтардың мазмұны қаралғанын, барысында облыстардың дұрыс белгіленбеуі, кей тарихи даталардың нақтыланбауы сияқты өрескел қателер анықталғанын атап өтті.

«Біз кезең-кезеңімен жаңа мазмұндағы оқулық басуды бастап кеттік. Қазір 7, 11-сыныптардың оқулықтары басылып болды. Енді 9, 8, 4-сыныптардың оқулықтары сәуір айына дейін басылып шығатын болады», – деді Сүлейменова тамыз конференциясынан кейін тілшілерген берген жауабында.

Министр оқулық басатын 15 баспаның барлығынан оқулығын жеке қарағанын, ішінен жаға ұстайтындай қателерді көргенін атап өтті. Енді осының бәрі кезең-кезеңімен жаңармақ.

Тамыз конференциясына президент те қатысып, мектеп бағдарламасына конституция, заң мен тәртіп негіздері курстары не үшін енгізіліп жатқанын түсіндірген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар