Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада қазақ-қытай жасанды интеллект мектебі ашылуы мүмкін

kz.kursiv.media

Астанада қазақ-қытай жасанды интеллект мектебі ашылуы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Қазақ-қытай жасанды интеллект мектебін ашуды ұсынды. Бұл туралы ұстаздардың республикалық тамыз конференциясында айтты. Оның сөзінше, жаңа технологиялар саласында маман даярлауды жоғары оқу орнынан емес, мектеп қабырғасынан бастаған жөн.

Қазақстанда қыркүйек айында Жасанды интеллект университеті ашылмақ. Алайда Тоқаев бір ғана жоғары оқу орны жеткіліксіз деп санайды. Сондықтан үкіметке жаңа тапсырма берді.

«Үкіметке Қытайдың жаңа технологияларды игерудегі мол тәжірибесі мен жетістіктерін ескере отырып, Астанада Қазақ-қытай жасанды интеллект мектебін ашу мәселесін пысықтауды тапсырамын», – деді ол.

Сондай-ақ Тоқаев мектепте 18 жасқа дейін оқудың қаншалықты қажет екенін де қарастыруды ұсынды. Ол бұл мәселеде Назарбаев зияткерлік мектептері мен жекеменшік мектептердегі тәжірибеге назар аударды.

«18 жастағы жасөспірімдерді мектепте ұстаудың қажеті бар ма деген сұрақ туындайды. Қазіргі балалардың физиологиялық дамуының жеделдеуін ескерсек, бұл қаншалықты орынды» деген сұрақ қойды президент.

Оқу-ағарту министрлігіне де бұл мәселені зерттеп, қажет болған жағдайда оны шешудің түрлі нұсқаларын ұсынуды тапсырды.

Оқи отырыңыз: «Жаға ұстайтындай қателерді көрдік»: министр оқулықтарды жаңалау барысы туралы айтты

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар