Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Италия Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін талқылады

kz.kursiv.media

Қазақстан мен Италия Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін талқылады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Италья Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Тараптар қазақ-итальян стратегиялық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен болашағын, сондай-ақ, екі елдің «С5-Италия» және «В5-Италия» диалог платформаларын қоса алғанда, көпжақты форматтардағы өзара әрекеттестігін талқылады.

Келіссөздердің басты тақырыптарының бірі энергетикалық қауіпсіздік және қазақстандық мұнайды халықаралық нарықтарға жеткізудің негізгі бағыты болған Каспий құбыр консорциумының (КТК) тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету болды.

Тараптар Еуропаны үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету үшін оның іркіліссіз жұмыс істеуінің стратегиялық маңызын атап өтті.

Сөйлесу соңында олар қазақ-итальян серіктестігін одан әрі нығайтуға және түрлі деңгейдегі тұрақты байланыстарды ұстап тұруға өзара бейілділігін растады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар