Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодардағы зауыт өзі шығаратын жанармай мемлекеттік стандартқа сай деп мәлімдеді

kz.kursiv.media

Павлодардағы зауыт өзі шығаратын жанармай мемлекеттік стандартқа сай деп мәлімдеді

Павлодар мұнай-химия зауыты өзі шығаратын АИ-95 және АИ-98 маркалы жанармай мемлекеттік стандартқа сәй деп мәлімдеді.

2026 жылғы 25 тамызда зауыт шығаратын өнім сынамалары SGS Kazakhstan тәуелсіз зертханасында талданған. Зертхана арбитражды сынамалардың МЕМСТ 32513 сапасына сәйкестігін растаған.

«Осылайша, Павлодар мұнай-химия зауыты шығаратын АИ‑95 және АИ‑98 бензин маркалары Кеден одағы техникалық регламентінің КО ТР 013/2011 және МЕМСТ 32513-2013 талаптарына сай келеді. Яғни, зауыт жөнелткен бензин партияларының сапасы расталып отыр» , – делінген хабарламада.

Арбитражды сынама – паспорттау кезінде мұнай өнімінің әрбір тиелетін партиясының сынамасы зауыт аумағында орналасқан SGS тәуелсіз зертханасында талдаудан өтеді. Оған арбитражды сынама деген пломба қойылып, ол арнайы арбитражды қоймада 45 тәулік бойы сақталады және мұнай өнімінің сапасын бағалауына қатысты келіспеушіліктер туындаған кезде пайдаланады.

Кейінгі кезде АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасына қатысты шағымдар көбейген. Кей жүргізушілер жанармай құйғаннан кейін көлігінде ақау пайда болғанын айтып отыр. Осыған байланысты Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексеріліп жатқанын мәлімдеген.

2026 жылғы шілдеде Қазақстан бойынша АИ-92 бензинінің орташа бөлшек бағасы 244 теңге, АИ-95/96 – 314 теңге, ал АИ-98 – 339 теңге болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар