Мұғалімдердің тесттері алынып тасталды - Жұлдыз Сүлейменова
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдерге арналған тесттердің алынып тасталғанын мәлімдеді.
Мұны ол Астанада өтіп жатқан республикалық тамыз конференциясы барысында айтты.
«Бүгінгі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен тестті алып тастау туралы шешім қабылдадық. Қазір пилот жүзеге асып жатыр. Қыркүйектен бастап пилот басталады. Пилот өзінің тиімділігін дәлелдейтіңн болса, онда барлыұ білім беру ұйымдарындағы мұғалімдердің аттестациясынан ПББ тесті алынып тасталатын болады», – деді министр.
Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бұдан басқа жеңілдетуге біраз нәрсе кірген. Қазіргі таңда мұғалімдердің тек қана сабақ беруін, сол сабақты бағалауы ғана енгізіліп жатыр.
«Мысалы, аттестаттау кезеңінде бес жылдың ішінде мұғалім төрт ашық сабақ беруі қажет. Зерттеуші секілді жоғары санатты мұғалім болса, онда ол мұғалім жас мамандарға тәлімгерлік жасайды. Оған да кәдімгідей бал қосылады. Одан бөлек, деструктивті балаларымызға қатысты арнайы курс ұйымдастырып жатырмыз. Сол балалармен жұмысқа да арнайы балл қосылады», – деді министр.
Жұлдыз Сүлейменова аттестация тек қана сабақ барысында мектептегі сабақ жұмысының тиімділігін бағалауға арналатынын тағы да нақтылап өтті.
Мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын оңтайландыруға, жетілдіруге тапсырма берген еді.
- Соңғы
- Тамыз, 26
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 тамыз 2026