Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын жетілдіруге тапсырма берілді

kz.kursiv.media

Педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын жетілдіруге тапсырма берілді

Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын оңтайландыруға, жетілдіруге тапсырма берді.

Бұл туралы президент Астанада өтіп жатқан республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді.

Тоқаев білім саласындағы реформаларға тоқталып, бірыңғай жүйе құру туралы ұсыныс айтты.

«Білім саласындағы реформаны жүзеге асыру барысында оны жан-жақты саралау қажет. Оның тиімділігіне әбден көз жеткізу керек. Реформа, бұл – бастапқы сынақ, эксперимент емес. Бұл -жауапты шешім мен іс-шара. Үкімет педагогикалық жоғары оқу орындарының қызметін қайта қарау кезінде бұл мәселені міндетті түрде ескеруге тиіс», – деді президент.

Тоқаевтың сөзіне қарағанда, ұстаздарды мектептеп балабақшадағы жұмыстың кәсіби ерекшеліктеріне барынша бейімдейтін бірыңғай жүйе құру қажет деген ұсыныс айтылып жатыр. Президент оны жан-жақты қарап, қажет болса, іске асыру керек деп есептейді.

Президент «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының жұмысын «мардымсыз» деп атады.

«Бұл іске әдістемелік орталықтар, мектепке дейінгі орта және қосымша білім беру мекемелері белсене ат салысуға тиіс. Осы салаға жауапты министрліктер педогогтардың жаңа буынын даярлау үшін күш жұмылдыру керек. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмыла әрекет ету қажет. Өздеріңізге мәлім, мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы құрылды. Бірақ бүгінде бұл ұйымның жұмысы мардымсыз деуге болады», – деп сынады Тоқаев.

Президенттің айтуынша, аттестация ережесін қайта қарау туралы көптеген өтініш келіп түскен. Онда мұғалімдер артық жүктеменің және қағазбастылықтың көп екенін айтып, шағымданып отыр.

Тоқаев білімді әділ бағалаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

«Осыған орай мен педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын оңтайландыру, жетілдіру жөнінде нақты тапсырма бердім. Бұл жерде бағалаудан мүлде бас тарту немесе оны күрделендіру туралы сөз болып отырған жоқ. Білімді әділ бағалау – білім беру жүйесінің өзегі. Бізге мейлінше түсінікті әрі ашық жүйе керек», – деді президент.

Тиісті министрлік бұл мәселемен айналысып, көп ұзамай нақты ұсыныстар беруі тиіс. Тоқаев біліктілікті көтеру бағдарламаларына жаңа конституция құндылықтарын, сондай-ақ, заң мен тәртіп, «Адал азамат», «Таза Қазақстан» идеяларын енгізуге шақырды.

Дәстүрлі тамыз конференциясына ұстаздар, аудандық, қалалық және облыстық білім бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар