Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысындағы білім сапасы мәз емес - Тоқаев

kz.kursiv.media

Түркістан облысындағы білім сапасы мәз емес - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Тамыз конференциясында ҰБТ нәтижелері мен өңірлердегі білім беру сапасына тоқталды.

Айтуынша, елдегі білім сапасына қатысты алшақтықты жою қажет.

«Мәселен, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының түлектері жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ал Түркістан, Ұлытау, Атырау, Ақтөбе және Алматы облыстарындағы жағдайды жақсы деп айту қиын», – деді Президент.

Тоқаев тиісті министрлік пен әкімдік Түркістан облысындағы ахуалға назар аударуы керек екенін айтты.

«PISA 2022 жылғы зерттеуі де Түркістан облысындағы білім сапасының мәз емес екенін көрсетті. Бұл – аймақтың оқу-ағарту жүйесінде олқылықтар бар деген сөз. Бірақ облыстағы жағдайды дағдарыс деп те айтуға болмайды.

Мәселе облыста білім алып жатқан оқушылардың 75 пайызға жуығы ауылда тұратындығында. Олардың жан-жақты және қарқынды дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Қажетті инфрақұрылымды салып, шалғай елді мекендерге мықты мамандарды тартқан жөн», – деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге осы саланы ретке келтіру бойынша жедел міндет қойды.

«Жұмысты жоспарлы түрде тездетіп атқарып, нақты нәтижелерге қол жеткізу қажет», – деді ол.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар