Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қаскелеңде су құбыры жарылып, асфальт ойылып кетті

kz.kursiv.media

Қаскелеңде су құбыры жарылып, асфальт ойылып кетті

Алматы облысының Қарасай ауданы Қаскелең қаласында су құбырының жарылуы салдарынан жол төсемі бүлінді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Видео желіге жарияланды. Кадрлардан жолда едәуір үлкен ойық пайда болғанын көруге болады. Видео авторы бұған жақында жүргізілген су құбырын тарту жұмыстары себеп болуы мүмкін деп болжады.

Қарасай ауданының әкімдігі жолдың бүлінгенін растады.

«2026 жылғы 25 тамызда сағат 04:00 шамасында жоғарғы Қаскелең тасжолынан Қайрат ауылына бұрылыста, Қызылжар көшесінің бойында, су құбырының жарылуы салдарынан жол төсемі ойылып, бүлінді», – деп хабарлады әкімдік.

Қызылжар көшесімен жүру уақытша жабылды. Бұл ретте А-Ш-У республикалық автожолының 37-шақырымында қозғалысқа шектеу жоқ. Көліктер Жандосов ауылы жағынан қатынап жатыр.

Публикация от Паблик | Жандосов | Шалқар| Қайрат| Шамалған (@jandossov_ta)

Сағат 09:00-де «СК Старвэй» мердігер ұйымы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бастағаны атап өтіледі. Оқиға орнында экскаватор, самосвал және төрт жұмысшы жұмылдырылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар