Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ата-анасы танымал: қазақ шоу-бизнесіндегі непо-бейбилер кімдер?

kz.kursiv.media

Ата-анасы танымал: қазақ шоу-бизнесіндегі непо-бейбилер кімдер?

Непо-бейби деп ата-анасының ықпалымен мансабында жетістікке жеткен жұлдыздарды айтады. Қазақ шоу-бизнесінде де әкесінің я шешесінің көмегімен, солапдың танымалдылығы арқылы өз жолын құрған жастар аз емес. . Олардың кейбірі танымал әулеттің мүшесі ретінде көпшілікке ерте таныласа, енді бірі өз еңбегімен жеке аудиториясын қалыптастырып жүр. Непо-бейби атанып жүрген қазақстандық өнерпаздардың арасында кімдер бар?

Әли Оқапов пен Диас Аблаев – Халық әртістері Роза Рымбаева мен Нағима Есқалиеваның ұлдары. Екеуі де бала күнінен эстрада жұлдыздарының арасында, музыка ортасында өскен. Ары қарай мансабын да өнермен байланыстыруы бекер емес. Анасы ТМД-ға танымал жұлдыз болғанымен екі жігіт те жас әртістер өтуі керек жолмен жүріп өтті.

Диастың да, Әлидің де мансабында «шешесінің арқасында» деген сөз үнемі айтылды. Бірақ тікелей анасының ықпалымен танымал болды деп кесіп-пішу қиын. Екеуі де сұхбаттарында шығармашылығына анасын араластырмайтын, тек өз еңбегімен көтерілуге тырысатынын айтады. Әли Оқапов 2010 жылдары «Фабрика Звезд» конкурсына қатысып, төртінші орын иеленген.

«Алғашқы үштікке енсем, Розаның арқасында жеңді деп айта ма деп қорыққанмын. Сондықтан төртінші орын алғаныма қатты қуандым», – дегені бар еді Әлидің сол байқау жайлы.

Диас Аблаев алғашында мұнай компаниясында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап өмірін шығармашылыққа арнайды. Әли екеуі де әннің музыкасын өздері жазады, өзгелерге арнап ән шығарады. 2016 жылы Диас, Әли және Ғалымжан Молданазар үшеуінің «Өзіңмен бол» атты әні жарық көрді.

Бүгінде Диас Аблаев та, Әли Оқапов та өз атын қалыптастырған тұлғалар. Екеуі де Millenium шоуында өнер көрсетеді

Айжұлдыз Адайбекова әнші Жанар Айжанованың қызы, блогер. Ата-анасы мәдениет саласында жұмыс істегендіктен Айжұлдыз да кішкентайынан шығармашылық ортада өскен. Бірақ тек әке-шешесінің ықпалымен жұлдыз атанды деу қате шығар. Айжұлдыздың өзі де қара жаяу емес. Әнші, түрлі музыкалық аспапта ойнайды, сурет салады, биші, стилист, телеарнада бағдарлама жүргізеді, түрлі кино, сериалдарға түскен.

2020 жылы анасы Жанар Айжановамен бірге «Тақиялы періште» атты ситкомға түсті. Сол сериал арқылы медиадағы танымалдылығы артты деуге болады.

Кейін Айжұлдыз өз блогын дамытты. Экстравагантты фотосессияларын, тың, заманауи контентін көпшілік жақсы қабылдады. Sezup атты менталды саулыққа көмектесетін қосымшаны іске қосты. Adidas-тың амбассадоры атанды. Әлі де анасымен бірге түсірілмдерге қатысады, контент жасайды, бірге подкаст жүргізеді. Дегенмен көпшілік Айжұлдызды жеке дара тұлға ретінде қабылдап үлгерді.

Елдегі ең танымал непо-бейбидің бірі десек қателеспейміз. Қазақстан медиасындағы ең ықпалды продюссердің қызы болу Айсәулеге көп жердің есігін ашты. Кішкентайынан түсірілімнің ортасында, қызыл кілем үстінде өсті. Америкада білім алды. Баян Алагөзова сұхбаттарында кейін менің жолымды Айсәуле жалғастырады деп бірнеше рет айтқан еді.

Дегенмен тұрмысқа шыққаннан кейін бойжеткен жолдасы екеуі өз жобаларын дамытуға тырысты. HolaNews сайтын ашып, жүргізді. Кейін жалақы мәселесіне байланысты ол ресурс жұмысын тоқтатып, тек әлеуметтік желілері ғана қалды. Қазір Айсәуленің «Сырласу» атты ютуб арнасы бар. Шоу-бизнестегі танымал тұлғалардан сұхбат алады. Суррогатты анадан екі қыз туғаннан кейін Баян Алагөзова эксклюзивті сұхбатын дәл осы арнаға берген еді.

Айсәуленің инстаграм парақшасында бір миллионнан астам оқырман бар, жеке сән салонын да дамытып жатыр.

Зумерлер буынындағы жұлдызды непо-бейбидің бірі – Алау Нұртас. Қазақ эстрадасының «аңызы» атанған Қайрат Нұртастың қызы да шығармашылыққа жақын. Бастапқыда Алау инстаграм, тик-токтағы түрлі трендті қайталаған сүйкімді видеоларымен, отбасы, бауырларымен түскен бейнелері арқылы танылды.

Он алтыға толғаннан кейін модельдік бизнеске араласа бастады. Оған анасы Жұлдыз Әбдікәрімованың ықпалы бар. Жұлдыз Arunaz_Atelier сән үйінің амбассадоры. Сондықтан биыл сән үйінің дизайнері Назым Қарпықованың шоуына жасөспірім Алау да модель ретінде қатысты. Одан бөлек бірнеше отандық дизайнерлердің жобасында да бой көрсетті.

Бұл ғана емес. Биыл «Үйлену оңай» атты фильміне түсіп, Еркебұлан Дайыров, Азамат Сатыбалды тәрізді кәсіби актерлермен бірге бір сахнада ойнады. Әлбетте, әкесі Қайрат Нұртаспен бір сахнада ән айтуды да ұмытқан жоқ.

Әртіс Тұрсынбек Қабатов пен продюссер Мөлдір Мұқанованың қыздары бала кезінен ел аузында. Бірақ осы жылы екінші қызы Айым шоу-бизнеске де, сән әлемінде де қатар көзге түсті. 17 жастағы жасөспірім Kazakhstan Fashion Week сияқты үлкен сахналарға шығып үлгерді. Осы жылы көктемде «Айт» атты алғашқы әнін жазды.

Жұлдыздармен тренд түсіріп, шоу-бизнестегі ең беделді жиындарда жүрген Айымның мансабына сөзсіз ата-анасының ықпалы бар дей аламыз.

Айым Сейтметова – актриса Данагүл Темірсұлтанова мен актер Азат Сейтметовтың үлкен қызы. Темірбек Жүргенов атындағы өнер ошағында оқыған Айым 17 жасынан бастап отандық телесериалдарға түсе бастады. Дегенмен көпшілікке түрлі вайн түсіретін Yframe командасы арқылы жақсы таныс.

Айым ата-анасын парақшасында жиі көрсетеді, өмірлік таңдауына, мансабына ол кісілердің ықпалы болғанын да жасырмайды. Қазір жұлдызды блогер Glam me атауымен жаңа косметикалық өнімдер шығарады. Кәсіби бояну, стильге қатысты курстарын да ұсынады.

Оқи отырыңыз: Бір күртеше 34 млн теңге: Алагөзовтердің киімі қанша тұрады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар