Тоқаев білім саласындағы аты бар, заты жоқ реформаларды тоқтатуды тапсырды
Президент Қ. Тоқаев дәстүрлі тамыз кеңесінде білім саласын жиі реформалауды доғару керегін айтты.
Президент мұғалімдердің біліктілігін көтеру мәселесін жалғасытыру керегін, алайда реформа жасаймыз деп бүкіл оқу жүйесін қысқа мерзімде түбегейлі өзгертуге болмайтынын атап өтті.
«Бұрыннан қалған теріс нәтижелер саланың тас-талқанын шығарғаны есімізде. Осындай сынақтар оқу саласына үлкен зиян әкелді. Тек реформа үшін жай ғана аты бар, заты жоқ реформа жүргізуді доғару керек», – деді ол.
Тоқаев реформаларды мұғалімдерді шаршатпай, күйзеліске түсірмей жүргізу қажеттігін айтты.
- Соңғы
- Тамыз, 26
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 тамыз 2026