Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр жауып, күн суытады

kz.kursiv.media

Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр жауып, күн суытады

«Қазгидромет» синоптиктері 27-29 тамызға ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес алдағы күндері елде жаңбыр жауып, күн суытады.

«Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райын қалыптастырады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Еліміздің батысында Скандинавия антициклонының ықпалымен бұлтсыз ауа райы орнайды. Антициклон шығыс бағытқа қарай жылжуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.

Күндізгі уақытта ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Батыста +16…+24 °C, солтүстікте +12…+20 °C, орталықта +17…+25 °C дейін болады. Ал шығыста ауа температурасы +23…+30 °C дейін жоғарылайды.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы жылы ауа массасының ықпалында қалады. Бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз ауа температурасы +30…+37 °C аралығында болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар