Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы екі топ-менеджеріне 140 млн теңге сыйақы төлеген

kz.kursiv.media

Маңғыстаумұнайгаз компаниясы екі топ-менеджеріне 140 млн теңге сыйақы төлеген

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы екі топ менеджеріне 140 млн теңге сыйақы төлеген. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийнде жазылған.

Құжатқа сәйкес, 139,9 млн теңге – компания бас директоры Вэнь Цзюцзюнь мен оның орынбасары Болат Сейтмағамбетовтің 2025 жылы алған сыйақысы.

«Маңғыстаумұнайгаз» – Маңғыстау облысындағы ең ірі әрі жетекші мұнай-газ компаниясы. Бұл кәсіпорынның 100 пайыз акциясы «Mangistau Investments B.V.» холдингіне тиесілі.

Ал аталған холдингті қазақстандық «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен қытайлық «CNPC» компаниясы теңдей, яғни әрқайсысы 50 пайыздық үлеспен бірлесіп басқарады. Компания Қаламқас пен Жетібай кен орындарын игереді.

Бұған дейін «Маңғыстаумұнайгаз» 2025 жыл үшін акционерлеріне 70,8 млрд теңге дивиденд төлейтінін хабарлаған.

2025 жылы «Маңғыстаумұнайгазға» қызмет көрсететін «TES Service Company» мен «М-Техсервис» жұмысшылары ереуілдеген. Олар айлықты көтеруді талап еткен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар