Атырауда «Аэрофлот» ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды: жолаушы көз жұмған
Атырауда Антальядан Екатеринбургке ұшып бара жатқан «Аэрофлот» ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Halyqstan ақпаратына қарағанда, SU793 рейсін борт нөмірі RA-73766 болатын Airbus A320 ұшағы орындаған.
Ұшақ жолаушының жағдайы күрт нашарлауына байланысты қонған. Жолаушының ұшу кезінде кенеттен жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Стюардесса оның тамыры соқпай тұрғанын анықтап, жүрек-өкпе реанимациясын бастаған.
Ұшақ Атырауға қонғаннан кейін бортқа көтерілген медицина қызметкерлері реанимациялық шараларды жалғастырған. Алайда барлық әрекет нәтиже бермей, ер адамды құтқару мүмкін болмаған.
Жоспардан тыс қонғаннан кейін ұшақ жолаушының денесін алып, қайта әуеге көтеріліп, Екатеринбургке ұшқан.
Айта кететін жайт, мамыр айында шұғыл қонуға мәжбүр болған Астана-Франкфурт рейсіне қатысты тексеру басталған еді.
- Соңғы
- Тамыз, 26
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 тамыз 2026