Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда шетелдік нөмірлі көлікті сақтандыруға бола ма

kz.kursiv.media

Қазақстанда шетелдік нөмірлі көлікті сақтандыруға бола ма

Қазақстанда шетелдік нөмірмен жүру үшін тек сақтандыру рәсімдеу жеткіліксіз. Көлік Қазақстанда тіркелуі керек болса, тек сақтандыру рәсімдеп, тіркеуге қоймай жүруге болмайды. Бұл туралы Kursiv.media Fingramota.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Талаптар көлік иесінің қай елде тұрақты тұратынына, автокөліктің кімге тиесілі екеніне және оның Қазақстанға қандай негізде әкелінгеніне байланысты.

Шетелде тіркелген көліктің болуы өздігінен оған халықаралық қозғалысқа қатысушы көлік мәртебесін бермейді.

«Мұндай мәртебе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам пайдаланатын көлікке беріледі. Бұл ретте автомобиль елден тыс жерде тұрақты тұратын немесе орналасқан адамға тиесілі, шетелде тіркелген және Қазақстанға уақытша әкелінген болуы керек», – деп атап өтті портал сарапшылары.

Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан азаматтарына да жеке шарттар қарастырылған. Олар шетелдік нөмірі бар жеке көлігімен Қазақстанға келе алады. Ол үшін автомобиль елге уақытша әкелініп, Қазақстанда тіркелмеуі керек. Мұндай көлік Қазақстан аумағында шекарадан өткен күннен бастап бір жылға дейін халықаралық қозғалыс режимінде жүре алады.

Екі жағдайда да көлік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселесін шешу қажет.

Бұл жағдайда талап өзгеше: шетелдік нөмірдің болуы көлікке автоматты түрде халықаралық қозғалыс режимінде жүруге құқық бермейді.

Егер автомобиль Қазақстанда тіркелуге тиіс болса, оны міндетті түрде есепке қою қажет. Сақтандыру полисін рәсімдеу бұл талаптың орнын алмастырмайды.

«Шетелден сатып алынып, кейін Қазақстанда тіркеу үшін әкелінген көлікке заңда көзделген жағдайларда оны есепке қойғанға дейінгі кезеңге сақтандыру полисін рәсімдеуге болады. Оның ең төменгі мерзімі – бес күнтізбелік күн. Алайда мұндай полиске сүйеніп, көлікті үнемі тіркеусіз жүргізуге болмайды», – делінген жарияланымда.

Қазақстанға уақытша әкелінген көлікке сақтандыру шарты уақытша әкелу мерзімінің барлығына, бірақ кемінде бес күнтізбелік күнге жасалады. Сақтандыру құны, соның ішінде, көліктің Қазақстан аумағында болатын мерзіміне байланысты.

Шетелдік сақтандыру полисі Қазақстанда міндетті түрде жарамды бола бермейді. Сондықтан жолға шықпас бұрын оның халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстанда танылатынын нақтылап алған жөн.

Ең бастысы – алдымен көлікті Қазақстанда заңды түрде пайдалануға болатынына көз жеткізіп, содан кейін ғана талапқа сай сақтандыру рәсімдеу қажет.

Еске салайық, Қазақстанда міндетті автосақтандыру бағасы жүргізушінің тәжірибесі мен көліктің ерекшеліктеріне қарай өзгеруі мүмкін. Жаңа тәсілге сәйкес, сақтандыру компаниялары бірыңғай тарифпен шектелмей, әр жүргізуші мен көліктің жеке ерекшеліктерін ескере алады. Яғни полис құны сақтандыру жағдайының орын алу ықтималдығына көбірек байланысты болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар