"Үйреніп қалдық": Жаңа құрылтай депутаттарының жоспары қандай?
Бүгін, 27 тамызда депутаттар төсбелгісі мен куәлігін алып, ресми түрде құрылтай депутаттары атанды. Kursiv Media тілшісі кейбірімен тілдесіп, алдағы жоспарын сұрады.
Журналистердің алдына алғашқылардың бірі болып «Әділет» атынан сайланған, экс-министр Асхат Аймағамбетов келді.
«Жұмыс басталады, жұмыс аяқталған да жоқ. Мемлекет басшысының қойған мақсат-міндеттері, тапсырмалары бар. Жаңа Конституцияның басым бағыттары бар. Біздің партияның бағдарламасы бар. Соның барлығымен айналысамыз», – деді ол алдағы жоспары туралы.
Айта кету керек, бұл жолғы Парламенттің атауы ғана емес, депутаттардың төсіне таққан төсбелгі де өзгерген. Олар бұрынғыдай алтын емес жезден жасалған,көлемі де кішірек. Бірақ оған депутаттар аса қатты көңілін түсірмеген тәрізді.
«Қазақ тарихында бірінші рет Құрылтай құрылып отыр. Сондықтан жауапкершілігі де, салмағы да бөлек деп ойлаймын. Ал төсбелгінің алтыннан жезден ауысу қаржы үнемдеу мақсатында болса керек. Депутат омырауында алтын болуы міндетті емес. Екіншіден, өзіміздің қазақ жерінен табылған жездің болуы әдемі емес пе», – дейді «Республика» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров.
Депутаттық төсбелгі алғандардың қатарында «Ақжол» партиясының төрағасы Дания Еспаева да бар.
«Партиямыз Құрылтайға өтті. Бұл халықтың біз берген сенімі, өте қуаныштымыз. Бірінші мақсат – халықтың сенімін ақтау», – деді Еспаева ханым қуанышын жасыра алмай.
Дегенмен ол тілшілердің вице-спикер кім болуы мүмкін деген сұрағына жауап беруден бас тартып, өзінің де спикер болуға тырыспайтынын да атап өтті.
Оқи отырыңыз: Әр бесіншісі депутат – бұрынғы мәжілісмен: Құрылтай құрамы қандай
- Соңғы
-
-
- Тамыз, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 тамыз 2026