Непал мен Тибеттегі жойқын су тасқыны: Қаза тапқандар саны 353 адамға жетті
Непал мен Тибет (ҚХР) шекарасында Гималайдағы мұздықтың опырылуы салдарынан орын алған жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 353 адамға жетті, деп хабарлайды Кursiv.Media.
АР ақпаратына сйүенсек, тағы 1,3 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.
Табиғи апат салдарынан өзен арналары тасып, лай көшкіні елді мекендерді, көпірлер мен жолдарды шайып кетті:
Непалда кем дегенде 162 адам қаза тауып, 826 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Құтқарушылар тікұшақтардың көмегімен тұрғындарды эвакуациялап, зардап шеккендерді Катмандуға жеткізуде.
Тибетте соңғы мәліметтерге қарағанда, 3 адам қаза тапқан, тағы 558 адам іздестірілуде. Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян Джиронг ауданына арнайы барып, құтқару жұмыстарын жеке бақылауына алды.
Жоғалғандар арасында 500-ден астам шетелдік туристер мен қажылар бар (негізінен Үндістан, АҚШ және ҚХР азаматтары). Олардың бір бөлігі Кайлас тауының маңында болуы мүмкін.
БҰҰ төтенше жағдайлар қорынан зардап шеккендерге медициналық және гуманитарлық көмек көрсету үшін 2 миллион доллар бөлді. Өңірде нөсер жауын басылмай тұрғандықтан, қайтадан көшкін жүру қаупі жоғары.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы Сицзан автономды ауданында болған табиғи апат салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.
- Соңғы
-
-
- Тамыз, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 тамыз 2026