Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ пен одақтастары КХДР-ға қарсы әскери жаттығу өткізеді

kz.kursiv.media

АҚШ пен одақтастары КХДР-ға қарсы әскери жаттығу өткізеді

7–11 қыркүйекте Чеджу аралында АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея бірігіп, әскери жаттығулар өткізеді. Freedom Edge 2026 жаттығуының өтетіні туралы Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары хабарлады деп жазады Reuters.

Freedom Edge мақсаты – Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық қатеріне қарсы үш елдің дайындығын арттыру және өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау.

Биылғы жаттығуда АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея әскери күштерінің нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуға және әскерилердің өзара әрекетін пысықтауға ерекше мән берілмек. АҚШ Тынық мұхиты қолбасшылығының мәліметінше, жаттығу аясында:

Назар аударатын нәрсе, бұған дейін АҚШ пен Оңтүстік Корея арасындағы әскери жаттығулар азайған еді. АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімімен Ulchi Freedom Shield атты АҚШ–Оңтүстік Корея бірлескен жаттығуы қысқартылды. Сонымен қатар Вашингтон Оңтүстік Кореямен жоспарланған Ssangyong теңіз жаяу әскерлерінің бірлескен жаттығуын да тоқтатты. Ақ үй мұны Ирандағы шиеленіске әскер қажет екендігімен түсіндірген. Енді тараптардың бірлескен жаттығулары қайта басталмақ.

Айта кетейік, осыған дейін Дональд Трамп пен КХДР басшысы Ким Чен Ынның кездесуі мүмкін екені жайлы жазған едік. Қытайдағы Азия-Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық саммиті аясында жолығуы мүмкін, бірақ әзірге ресми нақтыланған жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар