Батыс Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны 16 есе өсті
Батыс Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны көбейіп жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда 16 есе өскен деп хабарлайды «Астана» арнасы.
Ауырғандардың басым көпшілігі – екпе алмаған балалар. Осының әсерінен жұқпалы ауру жылдам тарап жатыр дейді дәрігерлер.
«Жеті айда өңірде қызылшамен ауырған 298 адам тіркелді. Өткен жылы тек 18 ғана болатын. Яғни осы жылы ауырғандар саны 280 адамға көбейді», – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Гүлдана Кереева.
Ауру ең көп тіркелген өңір – Орал қаласы, 252 жағдай. Ауырғандардың басым көпшілігі профилактикалық екпе алмаған адамдар.
Қызылша ауа-тамшы жолы арқылы таралады. Ауырғаннан кейін кей жағдайда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Олардың ең жиі кездесетіні – отит пен пневмония.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Сондықтан дәрігерлер ата-аналарды балаларын қызылшаға қарсы екпемен уақытылы егуге шақырады.
Осыған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ата-аналарды екпеден қорықпауға шақырған еді.
- Соңғы
-
-
- Тамыз, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 тамыз 2026