ШҚО-да ер адам азаматтық некедегі әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған
Шығыс Қазақстан облысында жеке үйден әйел мен оның бірге тұратын ер адамның мәйіті табылып, іс тергеліп жатыр.
YK-news ақпаратына қарағанда, 23 тамызда Күршім ауылында 31 жастағы әйел алған жарақаттарынан қайтыс болған.
ШҚО полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, әйелге жарақатты мас болған бірге тұратын ер адам салған. Оқиғадан кейін ер адам өзіне қол жұмсаған.
Оқиғаға байланысты Күршім аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Ал Қостанайда әйелін қызының көзінше атып өлтірген ер адам 12 жылға сотталған болатын.
- Соңғы
-
-
- Тамыз, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 тамыз 2026