"Зорлап, артынша өлтірген": Павлодар облысында 14 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды
14 жыл бұрын Павлодар облысында ауыр қылмыс жасалды. Күдікті 62 жастағы әйелді зорлап, артынша өлтірген. Араға ұзақ жылдар салып, ауыр қылмыстың артында кім тұрғаны анықталды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2012 жылы бау-бақша қоғамдастығының аумағында 62 жастағы әйел зорланып артынша өлтірілген.
Сол кезде қылмыскерді анықтау мүмкін болмады. Бірақ істі ашу бойынша жұмыс жалғасты. Жедел қызметкерлер мен криминалистер істі қайта зерделеді.
Тексеру нәтижесінде күдікті анықталды. Ол 1964 жылы туған, бұрын сотталған ер адам болып шықты. ДНҚ сараптамасы оның қылмысқа қатысы бар екенін растады.
Ер адам кінәсін мойындады. Ол ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыс жасаған адам заң алдында жауап береді.
- Соңғы
-
-
-
- Тамыз, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 тамыз 2026