Sinoil, QazaqOil және Helios отындарына зертханалық тексеріс жүргізіліп жатыр
Сауда министрлігі азаматтардан түскен шағымдардан кейін бензин сапасын тексеруді жалғастырып жатыр. Тексеру зауыттан автожанармай құю станциясына дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік Павлодар мұнай-химия зауытынан бензин сынамасын алып, тәуелсіз зертханаға тапсырды. Sinoil, QazaqOil және Helios қоспалары қосылған отын үлгілері де жеке зерттеліп жатыр. Зерттеу нәтижелері бір апта ішінде белгілі болады.Қазіргі уақытта азаматтардың 12 өтініші қаралып жатыр. Оның 9-ы – Астана қаласынан, 1-еуі – Павлодардан және 2-еуі – Солтүстік Қазақстан облысынан.Сонымен қатар, 17 жанармай құю станциясында бақылау сатып алуы жүргізілді. Оның 5-еуі – Алматы қаласында, 5-еуі – Алматы облысында, 6-ауы – Абай облысында және 1-еуі – Жамбыл облысында. Қазіргі уақытта алынған үлгілерге зертханалық сынақ жүргізіліп жатыр.
Осылайша, жүргізіліп жатқан тексеру отын сапасын өндіріс кезеңінде ғана емес, оны тұтынушыға сатуға дейінгі кейінгі айналым кезеңдерінде де бағалауға мүмкіндік береді.
Тексеру аясында сынамалар бүкіл жеткізу тізбегі бойынша, оның ішінде мұнай базаларында да алынады. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттар, мемлекеттік стандарттар және сынақ зертханалары бар.
Автомобиль бензинінің техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, заңнамада көзделген шаралар қабылданады.
Кейінгі уақытта АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасына қатысты шағымдар көбейген. Осы отын түрін пайдаланатын жүргізушілер жанармай құйғаннан кейін көлігінде ақау пайда болғанын айтып, шағым түсірген.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексеріліп жатқанын мәлімдеген.
Араға ұзақ уақыт салмай Павлодардағы зауыт өзі шығаратын жанармай мемлекеттік стандартқа сай келетінін мәлімдеген еді.
- Соңғы
-
-
- Тамыз, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 тамыз 2026