Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Халыққа берілетін кредит пайызы қымбаттап барады

kz.kursiv.media

Халыққа берілетін кредит пайызы қымбаттап барады

Халыққа берілетін кредит қымбаттап жатыр. Ұлттық банк дерегіне сәйкес, шілдеде жеке тұлғалар алатын несие мөлшерлемесі қайта өсіп, 21,64%-ға жеткен. Ал маусым айында бұл көрсеткіш 20,86%-ды құраған.

Әсіресе банктер қысқа мерзімді кредиттердің пайызын көтеріп отыр. Мәселен 3 ай мен 1 жыл аралығында рәсімделетін несие құны 22,1 пайызды құраса, 5 жылға дейін берілетін кредиттің пайызы 24,8-ге жетті.

Жеке тұлғаларға берілетін қарыз қымбаттай түскенімен, бизнес өкілдеріне берілетін қарыздың мөлшерлемесі керісінше төмендеді. Маусымда көрсеткіш 19,8% болса, шілдеде 19,56%-ды құрады.

Банк секторының экономикаға берген кредиті қазір 45,5 трлн теңгені құрайды. Соның 19,4 трлн теңгесі бизнестің алған борышы болса, 26,1 трлн теңгесі – халықтың мойнындағы қарызы.

Банк секторына елдегі екінші деңгейлі банктер мен «Қазақстанның Даму Банкі» кіреді.

Биыл ұзақ жылдан бері алғаш рет жаңа борышкерлер саны 32 мың адамға азайып, банктер жаңа клиент тартуға емес, бұрыннан келе жатқан сенімді клиенттерге басымдық бере бастаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар