Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде жасөспірім анасын не үшін өлтіргені белгілі болды

kz.kursiv.media

Ақтөбеде жасөспірім анасын не үшін өлтіргені белгілі болды

Ақтөбеде былтыр 2 желтоқсанда анасына пышақ салып, өлтірді деп айыпталған 16 жастағы оқушыға қатысты сот басталды.

Halyqstan ақпаратына қарағанда, осы уақыт аралығында биыл көктемде 11-сыныпты бітіруі тиіс жасөспірім арнайы медициналық мекемеде болған. Оған ресми түрде созылмалы шизофрения диагнозы қойылған.

Сотта анықталғандай, қайғылы оқиға болған түні жасөспірім анасымен сөйлескісі келген. Себебі ол анасы таңдаған бейіндік пәндерге – химия мен биологияға қарсы болған. Алайда әңгіме қызу жанжалға ұласып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

Бұған дейін жасөспірім түрлі зияткерлік байқауларға қатысып, кейін жекеменшік мектепке ауыстырылған. Онда бірқатар пәнді, соның ішінде химия мен биологияны тереңдетіп оқыған.

Іс бойынша жәбірленуші ретінде жасөспірімнің 73 жастағы әжесі танылған. Ол да сол түні жарақат алған.

Айыпталушы – отбасындағы үлкен бала. Оның кіші інісі де сот процесіне келген. Алайда ол ағасымен кездесе алмады. Өйткені жасөспірім әлі де арнайы мекемеде жатыр.

Келесі сот отырысы 3 қыркүйекке белгіленді.

Айта кететін жайт, Ақмолада туыстарын балтамен шауып өлтірген ер адам жындыханаға қамалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар