Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Талғарда 8 жастағы қызға сексуалды әрекет жасаған ер адам ұсталды

kz.kursiv.media

Талғарда 8 жастағы қызға сексуалды әрекет жасаған ер адам ұсталды

Алматы облысының Талғар қаласында 24 тамыз күні 8 жастағы қызға 40-50 жас шамасындағы бейтаныс ер адам тиіскен.

Туыстарының айтуынша, ол 3 сыныпқа баратын қызға жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болды.

Кішкентай қыз велосипедпен құрбысынан үйіне келе жатқанда «дөңгелегіңе тас тұрып қалыпты, алып тастайын» деп алдап тоқтатқан. Сосын автобус қалқасына апарып, аяқ киімін шешіп, денесін сипалап, жыныс мүшесін көрсетуді сұраған. Қыз бала қарсылық көрсетіп, жылаған соң, ұсталудан қорқып жіберген.

«Ол бірінші мәрте 121 баппен ұсталып, бір күн қамақта отырған. Іс қозғап, артынша, оны босатып жіберген. Ол адам өлімі бойынша 25 жылға сотталған адам болып шықты. Шыққанына үш жыл болыпты. Оның ағасы Талғарда заңгер екен. Біз қауіпті күдіктіні қалай босата салады деп дабыл қағып жатырмыз. Қайта шағымдандық. Ол қайта ұсталып, қамалды», – дейді қыздың әкесі әкесі Дархан.

Мұның алдында Алматы облысы Талғар ауданындағы Ақтас ауылында нан дүкенінің иесін пышақтап кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар