Оқушыларға мектепке боянып келуге бола ма
Мектепте оқушыларға боянып келуге бола ма? Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова осы сұраққа жауап берді.
Әлеуметтік желілерде оқушылар мектепте боянып келуге бола ма деген сұрақ қызу талқыланып жатыр. Кей оқырмандардың жазуынша, балалары боянып келгені үшін ата-аналарына айыппұл салуы да мүмкін.
Шынар Ақпарованың сөзінше, елде мектеп формасына қатысты нақты ереже бар. Бірақ министрлік бұйрығында боянуға болмайды деген талап жоқ.
«Бұйрықта сабаққа боянып келуге болмайды деген нақты тыйым жоқ. Бірақ мектептердің үлгілік ішкі тәртіп ережелері мен жарғысы бар екенін атап өткім келеді. Білім беру ұйымдары бірыңғай тәртіпті қамтамасыз ету үшін өз ережелерінде тиісті талаптарды белгілей алады. Балалардың кішкентай кезінен бастап макияжбен жүруі, ең алдымен, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан мектептер өздерінің ішкі тәртіп ережелерінде ата-аналарға балалардың мектеп ғимаратына макияжсыз келуін қамтамасыз ету туралы талап қоя алады», – деді Ақпарова.
Дегенмен мектеп формасының тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартуы мүмкін екенін де айту керек. Вице-министрдің сөзінше, бастапқыда ескерту беріледі. Бір жыл ішінде тәртіп бұзу қайталанса, айыппұл салынады. Сондай-ақ жарақат салатын аксессуар тағып келуге де тыйым салған, ол үшін де жауапқа тартуы мүмкін.
Айта кетейік, бүгін Құрылтай сессиясында Тоқаев 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды қолдайтынын айтқан. Енді осы мәселеге қатысты заң жобасы әзірленуі керек.
- Соңғы
- Тамыз, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 тамыз 2026