Бағдат Мусин неге Құрылтай депутаты болмағанын түсіндірді
«Әділет» партиясының мүшесі Бағдат Мусин сайлау қорытындысынан кейін неліктен Құрылтай депутаттарының тізіміне енбегенін айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Мусиннің айтуынша, партияның сайлаудағы жеңісінен кейін «Неге Құрылтай депутаттарының тізімінде жоқсыз?» деген сұрақ жиі қойылған.
«Мен көп жылдар бойы цифрландырумен және технологиялармен айналысып келемін. Бүгінде бұған жасанды интеллект қосылды. Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, ел алдына үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналу сияқты өршіл міндет қойды. Біз ЖИ экономиканы, еңбек нарығын, білім беруді және мемлекеттің өзін өзгертіп жатқан кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Дәл осы бағытта мен өзімнің жұмысымды жалғастырғым келеді», – деп жазды ол.
Мусин елге Құрылтай қабырғасында ғана емес, басқа да салада пайда әкелуге болатынын атап өтті. Оның сөзінше, партия тапсырма қойып, бақылап қана қоймайды, сонымен бірге оларды жүзеге асыруға да тікелей қатысып, нәтижеге жауап береді.
Ол алда үлкен жобалар тұрғанына тоқталды. Атап айтқанда: Дата-орталықтар алқабын дамыту, 3 мың ауылды сапалы интернетпен қамтамасыз ету және Каспий ТАӨЖ (ВОЛС) жобасын жүзеге асыру.
«Сондықтан өзім жақсы білетін, тәжірибем бар салаларда жұмысымды жалғастыра беремін. Партия бағдарламасында белгіленген міндеттерді нақты нәтижеге жеткізуге атсалысамын. Ал Құрылтайға сайланған әріптестеріме сәттілік тілеймін. Алдымызда ортақ міндет көп», – деп түйіндеді сөзін Мусин.
Еске сала кетейік, жаңа Құрылтайдың құрамы бекітілді. 145 депутаттық орынның 110-ын «Әділет» партиясы иеленді. Барлық депутаттардың тізімін мына жерден көре аласыз.
- Соңғы
- Тамыз, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 тамыз 2026