"Шегінер жол жоқ": Тоқаев елдегі реформалар туралы айтты
Құрылтайдың алғашқы сессиясында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда елде жүргізіліп жатқан реформаларға тоқталды.
Президенттің пікірінше, әлемде жаңа тәртіп қалыптасып жатыр. Ол кереғар сипатқа ие: бір жағынан – қауіпті, зиянды, келешегі бұлыңғыр, ал екінші жағынан – прогрессивті, технологиялық, перспективті әрі адамзат тарихындағы елеулі бетбұрыс саналады
«Мұндай жағдайда экономика, ғылым, әскери-дипломатия салаларында өзінің егемендігін нақты іспен қорғап, нығайтуға қауқарлы, ең маңыздысы, адам әлеуетін дамытатын мемлекеттер ғана жаңа дәуірге бейімделетіні баршаға түсінікті«, – деді ол.
Оның айтуынша, дәл осы себепті мемлекетімізді жан-жақты жаңғырту стратегиялық тұрғыдан маңызды. Мақтангершілік емес, әділін айтсақ, біз жүргізіп жатқан ауқымды реформалардың қарқыны алдағы уақытта үдей түспесе, бәсеңдемейді.
«Қарапайым тілмен айтқанда, артқа шегінер жол жоқ. Бұл – елеулік жетістік», – деді Президент.
Тоқаевтің сөзінше, қазақ елінде жүргізіліп жатқан реформалардың күн тәртібінде қазіргі, тіпті келешектегі ықтимал жаһандық сын-қатерлер толық мейлінше ескерілген.
28 тамызда Астанада Қазақстан Республикасы бірінші шақырылымдағы Құрылтайының алғашқы сессиясы ашылды.
- Соңғы
- Тамыз, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 тамыз 2026