30,5 трлн теңге: халық депозиттегі ақшасын қай банкте сақтайды
Қазақстан халқының депозитте жинаған ақшасы биыл рекорд орнатып, 30,5 трлн теңгеге жетті. Бір айдан халықтың депозитте жинаған ақшасы 400 млрд теңгеге көбейген.
Ал заңды тұлғалардың қаржысын 21,1 трлн теңгені құрайды. Заңды тұлғалардың да бір айдаға қаржысы көбейіп, компаниялар депозитке қосымша 600 млрд теңге салған.
Ұлттық банк дерегіне сәйкес, қазақстандықтардың салымы 5 ірі банкте шоғырланған.
Нарық көшін 8,1 трлн теңгемен «Қазақстан Халық Банкі» бастап тұр. Үздік үштік қатарын 7,8 трлн теңгемен – Kaspi Bank, 3,7 трлн теңгемен – «Банк ЦентрКредит» және 3,4 трлн теңгемен «Отбасы банк» жалғастырады.
Сектордың орта буынынжа 1,5 трлн теңгемен ForteBank, 1,1 триллион теңгемен «Еуразиялық банк» және 1 триллион теңгеден астам көрсеткішпен «Фридом Банк Қазақстан» орнықты.
Олардан кейін 865 миллиард теңгемен RBK Банкі, 863 миллиард теңгемен – Bereke Bank, 727 миллиард теңгемен – Alatau City Bank, 633 миллиард теңге жинақпен Home Credit Bank және 358 миллиард теңгемен Altyn Bank жайғасқан.
Басқа да шағын банктерде халық депозит ашқанфмен, олардың үлесі аз.
Өткен айдан банктер депозиттердің пайыздық мөлшерлемелерін біртіндеп төмендете бастады.
- Соңғы
- Тамыз, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 тамыз 2026