Астанада Құрылтайдың алғашқы сессиясы басталды
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы басталды.
«Баршаңызға бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуы құтты болсын! Бүгін еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басты. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айырықша оқиға, тарихи сәт. Біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып отырмыз», деді Президент.
Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы тиісті Жарлыққа Президент 26 тамызда қол қойған болатын. Бұдан кейін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды. Сонымен ел Үкіметі өз өкілеттігін тоқтатты.
Еске сала кетсек, 23 тамызда елімізде Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтті. Құрылтай сайлауына 7 саяси партия қатысып, дауыс беруге құқылы азаматтардың 74,08 пайызы өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы 71,17 пайыз дауыс жинап, 110 мандат алды. «Ауыл» партиясы – 10, Respublica – 9, «Ақ жол» – 8, ЖСДП 8 депутаттық мандатқа ие болды. Ал Қазақстан Халық партиясы 3,11 пайыз, «Байтақ» жасылдар партиясы 1,07 пайыз дауыс жинап, белгіленген 5 пайыздық межеден өте алмады.
- Соңғы
- Тамыз, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 тамыз 2026