Семей маңында жол апатынан ТЖД-ның екі қызметкері қаза тапты
Семей – Курчатов тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан төрт адамның екеуі Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері болып шықты. Бұл туралы Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға 26 тамызда күндіз болған. Жолда Chevrolet Nexia мен Kia Rio көліктері соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі басып озу мақсатында қарсы бағытқа шығып кеткен. Бетпе-бет соқтығысқан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары — жалпы төрт адам оқиға орнында көз жұмды.
Қаза тапқандардың екеуі Абай облыстық ТЖД-да еңбек еткен.
«Департаменттің жеке құрамы мен басшылығы марқұмдардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтады. Бұл орны толмас ауыр қаза. Департамент қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетеді», – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта Департамент қызметтік тексерісті бастады.
Бұған дейін Ақмола облысында жол апатынын шетелдік ерлі-зайыпты қаза тапты.
- Соңғы
- Тамыз, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 тамыз 2026