Еркебұлан Тоқтар - Бобиржон Исроилов: тікелей трансляция
Бүгін, 28 тамызда Астанада өтетін IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирі аясында Еркебұлан Тоқтар (11-3) өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен жұдырықтасады.
Тоқтар мен Исроилов арасындағы жекпе-жектің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен шамамен сағат 19:40-та басталады. Жекпе-жекті Nomad Fighting YouTube арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Айта кетейік, кездесу суперорта салмақта кәсіпқой бокс ережесі бойынша өтеді.
Еркебұлан Тоқтар шаршы алаңға соңғы рет желтоқсан айында шығып, өзбекстандық Тимур Никулинді (9-2-2, 4 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. Бобиржон Исроилов та соңғы кәсіпқой бокс жекпе-жегін желтоқсанда өткізіп, өзінің отандасы Сирожиддин Уразалиевті (0-11) алғашқы раундта мерзімінен бұрын жеңген еді.
- Соңғы
- Тамыз, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 тамыз 2026