Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлттық қор қаржысы оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды - Тоқаев

kz.kursiv.media

Ұлттық қор қаржысы оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы үш жылда Ұлтттық қордан алынатын қаржы қаржысы оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайтынын айтты. Қордан үкімет әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ұзақмерзімді пайдасы бар стратегиялық маңызды жобалардан қаржыландыруды жоспарлап отыр.

«Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды. Мұндай қауесетті еш нәрседен хабарсыз, ниеті теріс адамдар таратады Кез келген қордың, әсіресе, Ұлттық қордың тиімділігі, ең алдымен, келер ұрпақтың игілігі жолындағы зор табысқа, нақты нәтижеге қол жеткізумен өлшенеді», – деді ол.

Президент қазір Ұлттық қордың пайдасын балалар көріп отырғанын және олардың есепшотына қомақты қаражат аударылып жатқанына назара аударды.

«Келешекте өскелең ұрпаққа қызмет ететін заманауи, сапалы инфрақұрылымды дамытуымыз керек. Басқаша айтқанда, еліміздің алдағы ондаған жылдар, тіпті ғасырлар бойы дамуына берік негіз қаланады», – деді ол.

Қазақстан үкіметі 2027-2029 жылдары кепілді трансферттен бөлек, 5 трлн теңге нысаналы трансферт алуды көздеп отыр.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, алдағы екі жылда кепілдендірілген трансферт ретінде 2,4 трлн теңге бөлінсе, 2029 жылы қордан 2 трлн теңге алынады.

Одан бөлек, «аса маңызды» нысандар мен ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға 2027 жылы – 2 трлн теңге және 2028-2029 жылдары әр жылға 1,5 трлн теңге нысаналы трансферт қарастырылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар