Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Депутаттар Айбек Дәдебайдың кандидатурасына дауыс беруді бастады

kz.kursiv.media

Депутаттар Айбек Дәдебайдың кандидатурасына дауыс беруді бастады

Құрылтайдың I шақырылымының алғашқы пленарлық отырысында депутаттар Айбек Дәдебайдың бір палаталы парламент төрағасы қызметіне кандидатурасына дауыс беруді бастады.

Құрылтай Төрағасын сайлау тікелей жасырын дауыс беру арқылы өтеді. Алдымен депутаттар арасынан Санақ комиссиясы құрылды. Комиссия дауыс беру барысын және дауыстарды санау үдерісін қадағалайды. Содан кейін депутаттар жасырын дауыс беріп, Құрылтай спикерін таңдайды.

Бұған дейін оның кандидатурасын бұл қызметке президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді.

«Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», – деген еді президент.

Оқи отырыңыз: Құрылтай төрағасына ұсынылған Айбек Дәдебай кім

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар