Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысында таулы аймақта қалған 4 азамат құтқарылды

kz.kursiv.media

Түркістан облысында таулы аймақта қалған 4 азамат құтқарылды

Түркістан облысының Төлеби ауданында таулы аймақта көмекке мұқтаж болған төрт азамат құтқарылды.

112kz ақпаратына қарағанда, оқиға Мәдени ауылы маңындағы Ақсу каньоны аумағында болған. Азаматтар автокөлігінің техникалық ақауына байланысты таулы жерден өздігінен төмен түсе алмаған.

Құтқарушылар таулы аймаққа барып, төрт азаматты қауіпсіз жерге түсірді. Құтқарылған азаматтар медициналық көмекті қажет етпеді.

«Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында таулы және туристік аймақтарға шығатын азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтап, ауа райы мен көлік құралдарының техникалық жағдайын алдын ала ескеруге шақырамыз«, – делінген хабарламада.

Ал алматы облысында Сатпаев шыңына әкесімен бірге көтерілген жасөспірімнің тауда жағдайы нашарлап, өздігінен қозғала алмай қалған. Құтқарушылар оны 4317 метр биіктіктен түсірген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар