Қазақстан Халық кеңесі жұмысын қашан бастайды?
Қазақстан Халық Кеңесі келесі айдың екінші жартысында жасақталады. Бұл туралы Құрылтайдың бірінші сессиясының отырысында сөз сөйлеген Тоқаев айтты.
«Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган», – деп атап өтті ол.
Сондай-ақ президент алдағы уақытта вице-президенттің және премьер-пинистрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізетінін де хабарлады. Одан кейін депутаттармен ақылдаса отырып, үкімет мүшелерін, Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындамақшы.
Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымды жариялайтынын хабарлады.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Құрылтайға көші-қон, ЖИ және «Алтын виза» туралы заң қабылдауды тапсырды
- Соңғы
- Тамыз, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 тамыз 2026