Астанада LRT-ның әуежай бекетіне кіреберіс уақытша жабылады
Астанадағы LRT желісінің жұмысына уақытша шектеу енгізіледі. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы маңында жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен «Әуежай» бекетіне кіру мүмкін болмайды.
Нақты айтқанда «Әуежай» LRT бекетінің негізгі сыртқы кіреберісі шамамен 20-25 күнге жабылады.
Дегенмен жолаушылар үшін станция мен әуежай терминалдарына қатынау толық тоқтатылмайды. Станция ғимараты толығымен жабылмайды, оған балама бағыт арқылы өтуге болады.
Сонымен қатар Астана халықаралық әуежайының 2-терминалын LRT станциясымен жалғайтын жабық өткел әдеттегідей ашық болады.
Жолаушылар мен қала қонақтарына сапар және ұшу уақытын жоспарлау кезінде уақытша өзгерістерді алдын ала ескеруге кеңес беріледі.
Оқи отырыңыз: Астанада LRT-ның жаңа желілері Талдыкөлдің су қорғау аймағы арқылы өтеді
- Соңғы
- Тамыз, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 тамыз 2026