FlyArystan ұшағынан өрт шықты: бір адам зардап шекті
Алматы халықаралық әуежайында отандық FlyArystan әуе компаниясының ұшағы өртенді. Ақпаратты Air Astana баспасөз қызметі растады.
Оқиға бүгін, 28 тамызда жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізу барысында болған.
«Техникалық жұмыстар кезінде ошақты өрт шығып, оны әуежайдың шұғыл қызметтері жедел түрде сөндірді. Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді. Салдарынан ол ауруханадан үйіне жіберілді», – делінген хабарламада.
Оқиға кезінде ұшақ ішінде жолаушылар мен экипаж мүшелері болмаған. Әуе кемесі уақытша пайдаланудан шығарылды.
Қазіргі уақытта мамандар келтірілген шығын көлемін бағалап, қажетті жөндеу жұмыстарының ауқымын анықтап жатыр.
- Соңғы
- Тамыз, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 тамыз 2026