Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Непалда су тасқынынан қаза тапқандар саны 469 адамға жетті

kz.kursiv.media

Непалда су тасқынынан қаза тапқандар саны 469 адамға жетті

Непалдағы жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 469 адамға жетті. Тағы 800 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр. Бұл туралы Annapurna Post басылымы хабарлады.

Көршілес Тибетте кемінде үш адам қаза тауып, 550-ден астам адаммен байланыс үзілген. Жоғалғандардың басым бөлігін шетелдік туристер құрап отыр.

Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен өңірлерді аралап жүрген Непал Премьер-министрі Балендра Шах құтқару жұмыстарына 13 мыңнан астам әскер, қарулы полиция мен ұлттық полиция қызметкерлері тартылғанын мәлімдеді.

Тұрғындар үшін уақытша баспаналар ұйымдастырылып, зардап шеккендерге тегін медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Билік өкілдері елде қайта су тасу қаупі бар екенін ескертті. Құлаған тастар мен мұз өзенді бөгеп тастағандықтан, пайда болған екі көл арнасы тасуы мүмкін. Бұл жағдай 1 қыркүйекке қарай орын алуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында жойқын су тасқыны болды. Бхотекоши мен Тришули өзендерінің алқабындағы елді мекендерге аққан су үйлерді, жолдар мен көпірлерді қиратты.

Бұған дейін Қазақстан СІМ Непалда із-түзсіз жоғалғандардың арасында отандасымыз бар екенін хабарлаған болатын.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол Непалдан Қытайға шекара асқан туристік топтың құрамында болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
31 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар