Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстауда полиция түбіртек арқылы көшеде қоқыс тастаған әйелді тапты

kz.kursiv.media

Маңғыстауда полиция түбіртек арқылы көшеде қоқыс тастаған әйелді тапты

Ақтауға жақын Ақшұқыр ауылының тұрғыны көшенің ортасына қоқыс тастап кеткен. Оны тасталған қоқыстардың арасынан табылған түбіртек арқылы анықтап, заң бойынша жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Lada.kz ақпаратына сүйенсек, ауыл тұрғындары көшелердің бірінде пайда болған үлкен қоқыс үйіндісін видеоға түсірген. Жергілікті тұрғындардың өтінішінен кейін оқиға орнына жергілікті билік өкілдері полиция қызметкерлерімен бірге барады.

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ауыл әкімі Асхат Шайхиевтің тапсырмасымен құқық бұзушылық фактісі бойынша тиісті шаралар қабылданған.

Қоқыс үйіндісін тексеру кезінде қызметкерлер қоқыстардың арасынан дүкеннен алынған түбіртекті тапқан. Оның көмегімен полиция құқық бұзушы әйелдің кім екені анықтады.

Ауыл тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Оқиғадан кейін әйел ауыл тұрғындарынан кешірім сұрап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынын уәде еткен. Ол тастаған қоқыс үйіндісін жинау санитарлық тазалыққа жауапты «Таза-Түпқараған» МКК-ға тапсырылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
31 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар