Алматы тауларында жоғалып кеткен жеті жастағы қыз құтқарылды
Алматы облысы мен Алматы қаласының тауларында құтқарушылар туристер мен жоғалып кеткен баланы іздеп, көмек көрсетті.
Түнде Алматы облысының Қарасай ауданында, Үлкен Алматы асуының маңында 3600 метр биіктікте таудан түсіп келе жатқан үш турист адасып кеткен. Олар құтқарушыларға хабарласқан.
«Бұтақты» бақылау-құтқару бекетінен Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары оқиға орнына аттанды. Туристермен байланыс орнатылып, олардың геолокациясы анықталды. Құтқарушылар үш адамды «Алма-Арасан» шипажайына дейін аман-есен алып түсті. Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.
Сол уақытта Алматы тауларындағы Аюсай шатқалында патрульдеу жүргізген Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ата-анасынан адасып қалған қызды тапты.
2019 жылы туған баланың жоғалып кеткенін ата-анасы байқап, «112» пультіне хабарласқан. Құтқарушылар қызды тауып, анасына тапсырды. Оған да медициналық көмек қажет болмады.
Төтенше жағдайлар қызметі тауға шыққан азаматтарға ауа райы мен маршрутты алдын ала ескеріп, жақындарына баратын бағыты туралы хабарлап, байланыс құралдарын алып жүруді ескертеді.
- Соңғы
-
-
- Тамыз, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
31 тамыз 2026