"Қазгидромет" Алматы мен Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады
Синоптиктер Қазақстанның екі қаласында 30 тамызда ауаның өте қатты ластануы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
«Қазгидромет» ақпаратына сүйенсек, Алматы мен Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіз түн/күн, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Бұл жағдай кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдардың немесе басқа да ластану жерінде көп жүрмеу ұсынылады. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада жүргенде өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек.
Бұған қоса, «Қазгидромет» 2026 жылдың 30 тамызына арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астанада, Шымкентте және Қазақстанның 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары туралы ескертті.
- Соңғы
-
-
-
- Тамыз, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
31 тамыз 2026