Швейцариядағы рейв-кештегі атыс: бір адам қаза тауып, бесеуі жараланды
Швейцарияның Арау қаласында өтіп жатқан рейв-кеште атыс болып, бір адам қаза тапты, тағы пәтер бөлшектері жараланды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Euronews ақпаратына сүйенсек, кантондық полиция жарақат алғандардың кейбірі ауыр жағдайда екенін жазған.
Оқиға түнде сағат үш шамасында 3,5 мыңға жуық адам қатысқан шарада орын алған. Куәгерлер атыс дыбысын фейерверк деп ойлап қалғандарын айтады. Бейнежазбада он шақты оқ дауысы естіледі.
Қазіргі уақытта оқ атқан адам ұсталған жоқ, полиция оны іздестіріп жатыр. Қылмыстың себебі мен нақты мән-жайы әлі белгісіз.
Тәртіп сақшылары халықты оқиға орын алған ауданға жақындамауға шақырды. Сондай-ақ қала үстінде әскери тікұшақ байқалғанымен, оның операциядағы нақты тапсырмасы әлі белгісіз.
Айта кетейік, осыған дейін Түркияда мектепте атыс болып, тоғыз адам қаза тапқанын жазған едік. Алдын-ала мәлімет бойынша, сегізінші сынып оқушысы полиция қызметкері болып істейтін әкесінің тапаншасымен мектепке келіп, атыс шығарған.
- Соңғы
-
-
-
- Тамыз, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
31 тамыз 2026