Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

NASA экзопланеталарды зерттеуге жаңа телескопты ұшырады

kz.kursiv.media

NASA экзопланеталарды зерттеуге жаңа телескопты ұшырады

NASA қараңғы материя мен энергияны, экзопланеталарды зерттеуге және ғалам ауқымындағы гравитация теорияларын тексеру үшін Nancy Grace Roman жаңа ғарыш телескопын ұшыруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.

ВВС ақпаратына сүйенсек, телескопты 30 тамызда Флоридадағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығынан ұшыру жоспарланған. Оны ғарышқа SpaceX компаниясының Falcon Heavy зымыраны шығарады. Миссия бастапқыда жоспарланған мерзімнен шамамен тоғыз ай ерте басталады.

Телескоп NASA-ның алғашқы аға астрономы Нэнси Грейс Романның құрметіне аталған. Ол ғарыш телескопы бағдарламасын құрудағы рөлі үшін «Хабблдың анасы» деп аталады.

Ұшырылғаннан кейін телескоп Жерден шамамен 1,5 млн км қашықтықтағы L2 Лагранж нүктесіне бағыт алады. Қазір онда «Джеймс Уэбб» ғарыш телескопы жұмыс істеп тұр.

«Романның» басты артықшылығы – аспанның едәуір кең аумағын қамту мүмкіндігі. Оның айнасының диаметрі «Хабблдағыдай» 2,4 метр, алайда жаңа телескоптың көру аумағы шамамен 100 есе үлкен. Бұл оған ғарыштың орасан зор аумақтарын жылдам зерттеп, миллиардтаған галактика туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Телескоп планеталық жүйелерге ауқымды санақ жүргізіп, мыңдаған жаңа экзопланетаны анықтайды деп күтілуде. Сонымен қатар, бақылау галактика қалыптасуы мен эволюциясын зерттеуге және қазіргі теориялардың космологиялық қашықтықтардағы гравитацияны қаншалықты дәл сипаттайтынын тексеруге мүмкіндік береді.

«Романның» негізгі ғылыми миссиясы бес жылға есептелген. Телескоп «Хаббл» мен «Джеймс Уэббтен» кейін NASA-ның келесі ірі ғарыштық құралына айналып, Ғаламды бақылау мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Айта кетейік, 5 тамыз күні Астана уақытымен сағат 11:35-те SpaceX зымыранының қалдығы Айға құлаған еді. Ол 2025 жылғы қаңтарда ғарышқа ұшырылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
31 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар