Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытай Қазақстанға қуатты газ турбиналарын жеткізе бастады

kz.kursiv.media

Қытай Қазақстанға қуатты газ турбиналарын жеткізе бастады

Қытайда әзірленген F-класты алғашқы ауыр газ турбинасы Қазақстанға жөнелтілді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Синьхуа агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Dongfang Turbine Co., Ltd. компаниясы жасап шығарған қуаты 50 МВт болатын G50 турбинасы Сычуань провинциясының Дэян қаласынан елімізге қарай жол тартты. Бұл — қытайлық дербес өндірістегі ауыр газ турбиналарының шетелге жасалған алғашқы экспорты.

Жабдықтарды жөнелту 2025 жылдың қарашасында қол қойылған келісімшарт аясында жүзеге асырылуда. Құжатқа сәйкес, электр энергиясын өндіру жобасы үшін Қазақстанға осындай үш G50 агрегаты жеткізіледі. Өндіруші тарап жабдықты пайдаланудың бүкіл мерзімінде толық сервистік қолдау көрсетіп, оның кейбір бөлшектерін жергілікті климаттық және өндірістік жағдайларға бейімдеп әзірлеуге уәде беріп отыр.

F-класты газ турбиналары әлемде ең кең таралған үлгілерге жатады және Цельсий бойынша 1400 градусқа жуық температурада жұмыс істейді. Оларды жасау ыстыққа төзімді қорытпалар өндірісі, дәл құю және аэродинамика сияқты 100-ден астам жоғары технологиялық бағытты қамтиды. Қазіргі таңда бұл салада Қытай өндірісі қарқын алып, турбиналарының максималды қуаты 550 МВт-қа дейін жеткен.

Сарапшылардың айтуынша, сұраныстың өсуіне жасанды интеллектке арналған деректер орталықтарының электр энергиясын көп тұтынуы себеп. Ал қытайлық сарапшылар өз өндірушілерінің дамыған өндірістік тізбегі, жылдам жеткізу мүмкіндігі мен тиімді бағасы халықаралық нарықтағы позициясын нығайта түсетінін атап өтті.

Бұған дейін Қытайдың ірі технологиялық компаниясы Қазақстанда адам тәріздес роботтар құрастыратыны мәлім болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
31 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар