Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Танкерлерге шабуыл және мұнай: Қазақстан өндірісті қайта қалпына келтірді

kz.kursiv.media

Танкерлерге шабуыл және мұнай: Қазақстан өндірісті қайта қалпына келтірді

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалында такерлерге шикізат тиеу жанданған соң, Қазақстан мұнай өндірісін қалпына келтірді. Қазіргі уақытта шикізат өндіру тұрақты деңгейде жүріп жатыр. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне Энергетика министрлігі хабарлаған.

Шілде айында КҚК теңіз терминалы маңында танкерлерге дрондар шабуыл жасады. Осы оқиғалардан кейін консорциум алдымен мұнай тиеуді, кейін жүйеге шикізат қабылдауды тоқтатты.

Салдарынан еліміздегі ірі кен орындарында мұнай өндіру көлемі жоспардан төмендеп кеткен еді.

«Теңіз – Новороссийск» бағыты бойынша мұнай тасымалдау және оны теңіз терминалы арқылы жөнелту 27 шілдеде қайта басталды.

Дегенмен, арада бірнеше күн өткенде танкерлерге жасалған кезекті шабуылдан соң КҚК жұмысты тағы да уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

Осы кезеңде Қазақстанның мұнай компакниялары 3,5 млн тонна мұнайды кем өндірді. Сарапшылардың есебіне сәйкес, мұнай өндірісінің қысқаруы салдарынан келген шыған 3,5 млн долларды құрауы мүмкін.

Осы себепті Қазақстан биыл өндірілетін мұнай жоспарын 96 млн тоннаға дейін қысқартты. Бұған дейінгі жоспар 101 млн тонна мұнай өндіруді көздеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
31 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар