Алматыда Сәтбаев шыңына шыққан үш бойжеткен адасып кетті
Үш бойжеткен Алматы маңындағы биіктігі 4317 метр болатын Сәтбаев шыңынан түсу кезінде тауда адасып кетті. Күн батқаннан кейін олар жолды өздігінен әрі қарай жалғастыра алмаған, деп хабарлайды Кursiv.Media.
«Топтың орналасқан жері туралы ақпарат құтқарушыларға келіп түсті. Геолокация деректерінің арқасында мамандар бойжеткендердің координаталарын жедел анықтап, оларға қарсы шықты», – деп хабарлады.
Құтқарушылар туристерді тауып, оларды қауіпсіз бағытпен «Эдельвейс» турбазасының шлагбаумына дейін алып жүрді.
Бойжеткендер медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында тауға шыққан екі бала адасып кеткен еді.
- Соңғы
-
-
-
- Тамыз, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
31 тамыз 2026